Қоғам
Тренд

Соғысқа қарсы жазылған 10 ұлы ән: Музыка адамзатты қалай оятты?

Соғыс туралы фильмдер ұмытылады. Саясаткерлер өзгереді. Бірақ кейбір әндер ондаған жыл өтсе де өз күшін жоғалтпайды. Себебі олар жай музыка емес — адамзаттың айқайы, қорқынышы, қарсылығы.

Бірі Вьетнам соғысына қарсы жазылды. Бірі террордан кейін дүниеге келді. Енді бірі майданнан тірі қайтқан адамның ішкі жанайқайын жеткізді. Бұл әндер соғысты батырлық ретінде емес, адам өмірін жалмайтын қасірет ретінде көрсетті.

Zhezlife редакциясы тарихтағы ең мықты антивоенный әндерді еске түсіреді.

«Imagine» — Джон Леннон

1971 жылы шыққан бұл ән әлемдік пацифизмнің символына айналды. Джон Леннон адамдарды шекарасыз, дін мен соғыссыз әлемді елестетуге шақырды.

Ән Вьетнам соғысы кезіндегі қоғамның шаршауы мен үрейінен туған. Көп адам оны утопия деді. Бірақ дәл сол утопия миллиондаған адамға үміт сыйлады.

«Blowin’ in the Wind» — Боб Дилан

1962 жылы жазылған әнде нақты жауап жоқ. Тек ауыр сұрақтар бар:
Қанша адам өлуі керек?
Қанша қайғы болуы керек?

Боб Дилан бұл ән арқылы соғысқа ғана емес, қоғамдағы әділетсіздікке қарсы үн қатты. Кейін бұл ән АҚШ-тағы антивоенный қозғалыстың әнұранына айналды.

«Fortunate Son» — Creedence Clearwater Revival

Вьетнам соғысы кезінде қарапайым жастар майданға кетіп жатқанда, байлардың балалары соғыстан оңай құтылып отырды.

Осы әділетсіздікке ашуланған топ «Fortunate Son» әнін жазды. Ән билікке қарсы таза рок-протест болды.

«Zombie» — The Cranberries

1993 жылы Ирландиядағы жарылыстан екі бала қаза тапқаннан кейін жазылған ән.

Солист Долорес О’Риордан соғыстың адамдарды эмоциясыз, «тірі өлікке» айналдыратынын көрсетті. Әннің ауыр атмосферасы мен ашулы вокалы оны тарихтағы ең эмоционалды антивоенный тректердің біріне айналдырды.

«One» — Metallica

Бұл ән — соғыстан кейін аяқ-қолынан, көзінен, тілінен айырылған сарбаз туралы.

Ол тірі. Бірақ толықтай тұтқында қалған.
Metallica соғыстың «батырлық» емес, адамның өмірін тас-талқан ететін қорқынышты жүйе екенін көрсетті.

«Give Peace a Chance» — Джон Леннон

Ән қонақүй бөлмесінде жазылған. Джон Леннон мен Йоко Оно арнайы бейбітшілік акциясын өткізіп жатқан.

Кейін бұл ән Вьетнам соғысына қарсы шерулердің басты ұранына айналды.

«Brothers in Arms» — Dire Straits

Фолкленд соғысы кезінде жазылған өте мұңды композиция.

Ән бір-біріне қарсы соғысып жатқан сарбаздардың трагедиясын көрсетеді. Мұнда пафос жоқ. Тек үнсіз қайғы бар.

«War» — Эдвин Старр

“War, what is it good for? Absolutely nothing!”

Музыка тарихындағы ең тікелей антивоенный әндердің бірі. Ән Вьетнам соғысы кезінде шықты және бүкіл әлемдегі протест қозғалыстарының символына айналды.

«Группа крови» — Кино

Виктор Цой соғысты романтика ретінде емес, аман қалуға тырысқан адамның көзімен көрсетті.

Ән нақты қай соғыс туралы айтпаса да, Ауған соғысы кезеңіндегі тұтас буынның ішкі күйін дәл жеткізді.

«Masters of War» — Боб Дилан

Бұл әнде Дилан сарбаздарды емес, соғыстан пайда көретін адамдарды сынайды.

Саясаткерлерді, қару сатушыларды, билікті.
1960-жылдар үшін мұндай ашық протест өте батыл қадам еді.

Музыка неге маңызды?

Соғыс кезінде саясат үн қатады.
Ал музыка — адам жаны сөйлейтін тіл.

Осы әндердің барлығы бір нәрсені дәлелдеді:
ең мықты өнер — адамды ойландыруға мәжбүр ететін өнер

Back to top button