Ұлытау тынысы

Ұлытау облысында 833 отбасы баспаналы болады

Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар алаңында Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ринат Алматов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында өңірдегі құрылыссаласының даму қарқыны мен алдағы жоспарларкеңінен таныстырылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста109,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануғаберілген. Ал биыл барлық қаржыландыру көздеріесебінен 111,4 мың шаршы метр тұрғын үйді іскеқосу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда жеке инвестициялар есебіненжалпы ауданы 57,6 мың шаршы метрді құрайтын14 коммерциялық тұрғын үйдің құрылысыжүргізілуде. Оның ішінде биыл жалпы ауданы 36,1 мың шаршы метр болатын 8 тұрғын үйдіпайдалануға беру көзделсе, қалған 6 тұрғын үйдіңқұрылысы 2027 жылға өтпелі.

Жалпы алғанда, 2026 жылы ауданы 73 мыңшаршы метр болатын 14 тұрғын үйдің құрылысыаяқталады. Оның ішінде 3 кредиттік, 3 жалғаберілетін және 8 коммерциялық тұрғын үй бар. Бұлөз кезегінде 833 отбасының баспаналы болуынамүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап облысорталығының Батыс ауданындағы жаңа шағынауданды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасызету мақсатында магистральдық желілердіңқұрылысы жүргізілуде. Жобаны аяқтау мерзімі – 2026 жыл.

Биыл облыста әлеуметтік нысандар құрылысыбойынша жалпы саны 11 жоба жүзеге асырылыпжатыр.

Атап айтқанда, Қаражал қаласында жабықхоккей корты мен көпфункционалды орталықтыңқұрылысы жүргізілуде. Хоккей корты мен Ұлытауауылы ауылындағы жабық жүзу бассейнінқыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. Ал Қаражалдағы көпфункционалды орталық жылсоңына дейін ел игілігіне табысталады.

Сондай-ақ, Жезқазған қаласында курсанттарғаарналған павильоны бар автоматтандырылғанавтодром құрылысын аяқтау үшін мердігер ұйыманықталып, арнайы техника мен қажетті жабдықтаржұмылдырылуда.

Жезқазғанда оқушылар сарайының құрылысытолық аяқталып, қазіргі уақытта аумақтыабаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал Ұлытау ауылында бір ауысымда 100 келушіні қабылдайтын емханасы бар, 20 төсек-орынға арналған ауылдық аурухананың құрылысыжалғасуда. Жобаны аяқтау мерзімі – 2026 жылдыңсоңы.

Сәтбаев қаласында индустриялық парктіңинженерлік-коммуникациялықинфрақұрылымының құрылысы биыл мамырайында аяқталады деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, 2026 жылы өңірде тағы 3 жаңажобаның құрылысы басталды. Олар: Жаңаарқаауданында 100 орындық инклюзияны қолдауорталығының құрылысы, Сәтбаев қаласындағы«БМ №7» КММ спорт залының құрылысы жәнеАқселеу Сейдімбек атындағы орта мектептің спорт залын салу жобалары.

Back to top button