Білім

Сәтбаевта балалардың жазғы демалысына 80 млн теңге бөлінді

Сәтбаев қаласында биылғы жазғы маусымда балаларды сауықтыру және демалыспен қамту шаралары кең көлемде ұйымдастырылады. Қала әкімдігінің мәліметінше, жаз мезгілінде 5400-ден астам оқушы түрлі сауықтыру бағдарламаларымен қамтылады.

Бұл мақсатқа жалпыға міндетті білім беру қорынан 79,8 миллион теңге бөлінген. Қаражат балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан оқушыларға жағдай жасауға бағытталады.

Сонымен қатар, қалада 1000-ға жуық балаға арналған мектеп жанындағы лагерьлер ашу жоспарланып отыр. Ал тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне жіберіледі.

Жазғы демалыс кезінде мектептер жанынан 12 сауықтыру алаңы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, балалардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру мақсатында киіз үй лагерьлерін ұйымдастыру көзделген.

Back to top button