Қоғам
Жезқазғанда 86 шақырым су желісі жаңартылады

Жезқазған қаласында ауызсу инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Қазіргі таңда «Қала ішіндегі су құбыр желілерін қайта құру. 2-кезек. Түзету-2» жобасы аясында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жоба бойынша жалпы ұзындығы 86 шақырым болатын су құбыры желілерін жаңарту көзделген. Бүгінде оның 75 шақырымы толық салынып, негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталған.
Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «ҚазЕвроСтрой» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр.
Мамандардың айтуынша, жоба жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда. Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы әрі тұрақты ауызсумен қамтамасыз ету мүмкіндігі арта түспек.