Білім

Ұлытау облысында 98 түлек «Алтын белгіге» үміткер

Биыл Ұлытау облысында 9 және 11-сыныпты шамамен 6 мың оқушы аяқтайды. Түлектердің қатарында 400-ден астам үздік оқушы бар. Сондай-ақ 98 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер атанып отыр.

Бұл – оқушылардың тынымсыз еңбегімен қатар, ұстаздардың сапалы білімі мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі. Өңірде білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып, дарынды жастарға жан-жақты мүмкіндік берілуде.

Білімді әрі саналы буын қалыптастыру — ел болашағының кепілі.

Back to top button