Білім
Баланы 1-сыныпқа беру уақыты жақындады
Ұлытау облысында жаңа оқу жылына арналған бірінші сыныпқа қабылдау науқаны 29 маусымда басталады. Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
Ата-аналар балаларын бірінші сыныпқа бірнеше тәсіл арқылы тіркей алады. Атап айтқанда, өтінімдерді OQU платформасы, электрондық үкімет порталы және мектептердің өздері арқылы тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
Білім саласы мамандары ата-аналарға құжаттарды алдын ала дайындап, қабылдау мерзімін өткізіп алмауға кеңес береді.
Айта кетейік, биыл да бірінші сыныпқа қабылдау рәсімі цифрлық жүйе арқылы жүзеге асырылып, ата-аналарға қолайлы жағдай жасалмақ.