Қоғам

Жезқазғанда үй салғыңыз келе ме? Алдымен осы құжатты рәсімдеңіз

Жезқазған қаласында құрылыс жұмыстарын бастау үшін ең алдымен сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) алу қажет. Бұл құжат жоспарланған нысанның орналасу орнына, техникалық параметрлеріне және сәулеттік шешімдеріне қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.

Мамандардың айтуынша, СЖТ құрылысқа рұқсат алу кезінде міндетті құжаттардың бірі болып саналады. Сонымен қатар ол нысанның қала құрылысы талаптарына, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу қызметі толықтай электронды форматта көрсетіледі. Өтінім мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Қызметті алу үшін өтініш пен жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттарды ұсыну жеткілікті.

Қызмет көрсету мерзімі – 13 жұмыс күні. Мамандар құжаттардың толық әрі дұрыс тапсырылуы қызметтің уақытылы көрсетілуіне әсер ететінін атап өтті.

Қазіргі таңда құрылыс саласына қатысты тағы бірнеше мемлекеттік қызмет қолжетімді. Олардың қатарында эскиздік жобаны келісу, ғимараттарды бұзуға рұқсат беру, жылжымайтын мүлік мекенжайын нақтылау және мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу қызметтері бар.

Back to top button