Ұлытау тынысы

Ұлытау мәдениеті Астанадағы Creative Aimaq көрмесінде

Елордада өтіп жатқан Creative Aimaq көрмесінде Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасы мен өңірлердің шығармашылық әлеуеті кеңінен насихатталуда. «Алтын Орданың мұрасы: Ұлы Даладан бастау алған өнер» тақырыбындағы мәдени шараға Ұлытау өңірінің де тарихи-рухани құндылықтары ерекше арқау болды.

Көрме қазақ халқының бай мұрасының заманауи дизайн, сән индустриясы, зергерлік өнер, кескіндеме және авторлық қолөнер арқылы жаңаша көрініс тапқанын көрсетеді.

Келушілер Алтын Орда мәдениетінен шабыт алған ұлттық сувенирлерді, ағаш, былғары, керамика және киізден жасалған бұйымдарды, зергерлік әшекейлерді, этно-сән топтамаларын және дәстүрлі құрақ көрпе өнеріне арналған экспозицияны тамашалауда.

Шара барысында былғары өңдеу, ағаш ою, ұсталық өнер және ұлттық музыкалық аспаптар жасау бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қолөнершілер, суретшілер мен дизайнерлердің шығармашылық кездесулері өтуде.

Сонымен қатар қазақстандық дизайнерлердің Ethno Fashion Show сән көрсетілімі мен Jezz Acoustic Band тобының концерті көпшілік назарына ұсынылуда.

Creative Aimaq көрмесі ұлттық мәдени мұраны дәріптеп қана қоймай, өңірлердің шығармашылық әлеуетін танытуға, оның ішінде Ұлытау өңірінің тарихи-мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттауға мүмкіндік беретін маңызды мәдени алаңға айналып отыр.

Back to top button