Заң және тәртіп

Ұлытау облысында тазалық талаптарын бұзудың 2 мыңға жуық дерегі тіркелді

Ұлытау облысында қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау бағытындағы бақылау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзудың 2 мыңға жуық, ал ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 100-ден астам дерегін анықтады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай заңбұзушылықтар көбіне қоқысты белгіленбеген жерге төгу, аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтамау, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіретін әрекеттермен байланысты.

Полиция тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарап, тазалық мәдениетін сақтауға және заң талаптарын орындауға шақырады. Ведомство өкілдері қоғамдық орындардың тазалығы мен тәртібі әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

Back to top button