Ұлытау облысы халық табысы бойынша елде екінші орынға шықты

Ұлытау облысы халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы бойынша Қазақстан өңірлері арасында екінші орынға тұрақтады.
Ұлттық статистика бюросының 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған деректеріне сәйкес, өңір тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы айына 353 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ұлытау облысынан тек Алматы қаласы ғана жоғары нәтиже көрсетті – 408,2 мың теңге.
Айта кетерлігі, Ұлытау облысы бұл көрсеткіште елорда Астананы басып озды. Астанада жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс 352,8 мың теңгені құраған.
Ал республика бойынша орташа көрсеткіш 252,6 мың теңге болса, бұл Ұлытау облысындағы деңгейден шамамен 40 пайызға төмен.
Статистикада жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс құрамына жалақыдан бөлек, зейнетақы, жәрдемақы, кәсіпкерлік қызметтен, мүліктен және өзге де ақшалай түсімдер енгізілген.
Сарапшылар өңірдің жоғары көрсеткіштерін өнеркәсіптің қарқынды дамуымен, ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен және аймақтағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналатын «Қазақмыс» тобы кәсіпорындарының қызметімен байланыстырады.