Ұлытау тынысы

Жезқазғанда мұз аренасы мен бассейні бар спорт сарайы салынады

Жезқазған қаласында жаңа спорт сарайын салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. Бұл туралы «Мемсараптама» РМК хабарлады.

Жоба аясында екі қабатты заманауи спорт кешені бой көтереді. Оның құрамына 1000 көрерменге арналған трибуналары бар мұз аренасы, олимпиадалық стандартқа сай 50×25 метрлік жүзу бассейні, сондай-ақ жаттығу құрылғылары залы мен сауықтыру аймақтары орналасқан SPA-блок кіреді.

Жаңа спорт нысаны хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, жүзу және су полосы спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, сондай-ақ республикалық және өңірлік деңгейдегі жарыстарды қабылдауға мүмкіндік береді.

Жобаның тапсырыс берушісі – Ұлытау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы. Бас жобалаушы – «Проектно-строительная компания «ППК»» ЖШС.

Спорт сарайының салынуы өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына және кәсіби спортшыларды даярлауға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Back to top button