Білім

Оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық оқушыға қаржылай көмек көрсетіледі

Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде әлеуметтік осал санаттағы 450 мыңға жуық оқушыға қаржылай көмек беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, төлемдер 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттерден мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға 23 млрд теңге қарастырылған.

Бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері – 50 851 теңге.

Қаржылай қолдау жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға көрсетіледі.

Көмек алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер балалар оқитын мектепке барып, қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс. Бұл шара жаңа оқу жылына дайындық кезінде әлеуметтік осал отбасылардың шығынын азайтуға бағытталған.

Back to top button