Білім

Қаражал қаласында №5 мектептің жаңа ғимараты ашылды

Республика күні қарсаңында Қаражал қаласында №5 мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ордасы оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

Жаңа ғимаратта бастауыш сынып кабинеттері, кітапхана, робототехника кабинеттері мен асхана қарастырылған. Мұнда балалардың білім алуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасалған.

Мектептің ішкі безендірілуінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының бірыңғай брендбугы қолданылған.

Оқу орнының дизайны арқылы адалдық, отаншылдық, еңбекқорлық, жауапкершілік және заң мен тәртіп сияқты құндылықтарды насихаттауға басымдық берілген.

Жаңа мектептің ашылуы – қаладағы білім беру инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадам. Заманауи оқу кеңістігі жас ұрпақтың білімін жетілдіруге, қабілетін шыңдауға және саналы азамат болып қалыптасуына жол ашады.

Back to top button