Басты жаңалық

«Qarmet» компаниясы Ұлытау облысына 700 млн теңге бағыттайды

«Qarmet» АҚ Ұлытау облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 700 млн теңге көлемінде қаржы бөледі. Қолдау облыс әкімдігі мен компания арасында жасалған меморандум аясында көрсетіледі. Қаражал қаласында кәсіпорынның қатысуымен бірнеше әлеуметтік бастама жүзеге асатын болады.

Компания өңірде темір және марганец кенін өндіретін «Өркен» ЖШС арқылы жұмыс істейді. Тараптар қол қойған құжатқа сәйкес, 2026–2028 жылдары қаладағы бірқатар әлеуметтік нысан жаңғыртылып, инфрақұрылым күшейтіледі. Жоспарға «Балбөбек» балабақшасын күрделі жөндеу, коммуналдық қызметтер үшін арнайы техника алу және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту кіреді.

Сонымен қатар компания өңір жастарын спортқа тарту мақсатында спорттық жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді.

Back to top button