Басты жаңалықДенсаулық

Ұлытау облысында денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды

Ұлытау облысында медицина саласының үздік қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгілері мен медальдарымен марапатталды. Марапаттарды облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов салтанатты түрде табыс етті.

Құттықтау сөзінде әкім орынбасары дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалап, олардың халық денсаулығын қорғаудағы рөлін атап өтті. Оның айтуынша, медицина қызметкерлері күн демей, түн демей атқаратын еңбегімен өңірдің дамуына үлес қосып келеді.

Шара барысында мамандарға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі және «SENIM» кәсіподақ ұйымының салалық төсбелгілері табысталды. Марапат иелері бұл құрметті өз еңбектеріне берілген сенім және жаңа серпін ретінде қабылдайтындарын айтты.

Back to top button