Басты жаңалықҚоғам

Тоқаев: Ұлытау облысына ерекше қолдау қажет

Ұлытау облысында негізгі инфрақұрылымның жоқтығы сезіледі, деп мәлімдеді бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы.

«Базалық инфрақұрылымның болмауы өңірлердің дамуын тежейді және халықтың өмір сүру сапасын төмендетеді, бұл әсіресе жаңадан құрылған облыстарда – Абай мен Ұлытау облыстарында сезіледі. Алматы облысында да жағдай осындай. Бұл өңірлерге ерекше қолдау қажет», — деді Тоқаев.

Президенттің сөзіне қарағанда, өткен жылы өңірлердің жалпы оң динамикасы мен экономикасының өсуіне қарамастан, бірқатар шешілмеген проблемалар сақталып отыр. Инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің орташа деңгейі 64,1%-ды құрайды, бірақ бұл көрсеткіш түрлі облыстар арасындағы айтарлықтай алшақтыққа байланысты әртүрлі.

Back to top button