Заң және тәртіп

Студенттерге құқықтық кеңес берілді

Қаладағы колледж студенттерімен полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты — жастарды қылмыстық ортадан аулақ ұстау, құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру. Шара барысында жастарға ұйымдасқан қылмыстың алдын алу, бопсалау, алаяқтық және интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы кеңінен түсіндірілді. Арнайы назар жеңіл табысқа қызығу, күмәнді ұсыныстарға сену сияқты әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екеніне аударылды.

Кездесу ашық форматта өтіп, студенттер сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы құқықтық кеңес алды. Қызметкерлер өмірлік оқиғаларды баяндап, заң талаптарын қарапайым тілмен жеткізді. Полиция қоғаммен серіктестік орнатып, жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына қолдау көрсетуді жалғастырады.

Back to top button