Қоғам

«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

2026 жылғы 25-27 ақпан күндері елімізде «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екінші кезеңі өтеді.

Аталған оқу-жаттығу көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты пысықтауға, төтенше жағдай туындаған жағдайда күштер мен құралдардың іс-қимыл алгоритмін жетілдіруге бағытталған. Іс-шара барысында азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-әрекеті, жедел әрекет ету тетіктері және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары нақтыланады.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 25 ақпан күні сағат 11:00-де «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. Осы уақытта барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады.

Осыған байланысты тұрғындардан сабыр сақтап, үрейге бой алдырмау сұралады.

Back to top button