Спорт

Ұлытау ФК БАҚ өкілдерін аккредитацияға шақырады

Ұлытау футбол клубы алдағы ресми матчтарды кеңінен әрі сапалы ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредитациядан өтуге шақырады. Бұл бастама клуб пен журналистер арасындағы ашық әрі жүйелі байланысты нығайтуға бағытталған.

Аккредитацияға өтінімдер 6 наурызға дейін қабылданады. Өтінім беру үшін қызметкердің толық аты-жөні (Т.А.Ә.), БАҚ немесе ұйым атауы және 3х4 форматындағы фотосурет fculytau@gmail.com электрондық поштасына жолдануы тиіс.  Қосымша сұрақтар бойынша: +7 777 344 4777 нөміріне хабарласуға болады.

ЕСКЕРТУ: Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, белгіленген мерзімнен кеш жіберілген немесе талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды.

«Ұлытау» футбол клубы алдағы ойындарды жанкүйерлерге дер кезінде әрі шынайы жеткізу жолында БАҚ өкілдерімен әріптестікті жоғары бағалайды.

Back to top button