Заң және тәртіп
Сәтбаев қаласында заңсыз және игерілмеген жерлер қайтарылады

Сәтбаев қаласында игерілмеген және заңсыз иеленілген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы 4 жер телімі қайтарылып, кейбір учаскелер абаттандыруға немесе құрылысқа берілді. Заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен контейнерлер алынған, 42 меншік иесіне 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
2026 жылдың алғашқы екі айында игерілмеген 9 жер телімі бойынша шаралар қабылданды. Қала әкімі Мурат Берібаев мониторингті күшейтіп, қайтару жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.