Ұлытау тынысы
Тұрғындарға арналған салықтық кеңес беру акциясы

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері халықтың құқықтық, қаржылық және салықтық мәдениетін арттыру мақсатында арнайы акция өткізеді. Іс-шара барысында азаматтарға салық заңнамасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріледі.
Акция 2026 жылғы 12 наурыз күні сағат 10:00-де «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ғимаратында өтеді.
Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 140.
Іс-шараға барлық қала тұрғындары шақырылады.