
«Ұлытау» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымын сырт алаңдағы ойынмен бастайды.
Нұркен Мазбаев баптайтын команда алғашқы турда «Атырау» ұжымына қарсы алаңға шығады. Кездесу Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді.
Жаңа маусым қарсаңында команда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, ойыншылар тыңғылықты дайындықтан өтті. Жанкүйерлер үшін бұл кездесу ерекше маңызды, өйткені «Ұлытау» клубы маусымды сәтті бастап, алғашқы ұпайларын еншілеуді мақсат етеді.
Тартысты өтеді деп күтілетін матчтың басталу уақыты – 15:00.