
Жезқазған қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысын тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.
Бейнекамералардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда бейнебақылау жүйесі арқылы жол ережесін бұзудың 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді.
Мамандардың айтуынша, бейнебақылау жүйесі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға үлкен мүмкіндік береді.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі тәртіп бар жерде ғана қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.