
«Ұлытау» командасының капитаны Сергей Кейлер мен украиналық легионер Глеб Бухал Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турының символикалық құрамына енді.
SofaScore порталы ұсынған статистикалық деректерге сәйкес, олар «Атырауға» қарсы өткен кездесуде жоғары ойын көрсетіп, үздік бағаларға ие болды. Нәтижесінде екі ойыншы да турдың үздік футболшылары қатарына кірді.