Ұлытау тынысы
Тренд

«Қызылорда – Жезқазған» жолының құрылысы талқыланды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің қатысуымен республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» автожолының 216–424 шақырым аралығында көшпелі жиын өтті.

Кездесу барысында жолды қайта жаңғырту жұмыстарының қазіргі барысы, құрылыс сапасы және мердігер ұйымдардың міндеттемелерді орындауы қаралды. Сонымен қатар алдағы жоспарлар талқыланып, нысандағы жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жиын барысында жауапты мамандар атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, жобаның уақытылы жүзеге асуының маңыздылығын атап өтті.

Back to top button