Спорт
Тренд

Шымкенттегі «Жастар» турнирі: «Ұлытау U16» сәтті бастады

Шымкент қаласында өтіп жатқан «Жастар» турнирінде «Ұлытау U16» командасы жарысты сәтті бастады. Алғашқы екі турдың қорытындысы бойынша жас футболшыларымыз тамаша ойын көрсетіп, екі бірдей жеңіске қол жеткізді.

Бірінші турда «Тұран» командасымен кездескен ұлытаулықтар тартысты ойында 0:1 есебімен жеңіске жетті. Ал бүгін өткен екінші турда жігіттеріміз «Хан-Тәңірі» командасына қарсы алаңға шығып, нәтижелі ойын көрсетіп, 2:3 есебімен басым түсті.

Ойын барысында команда жоғары дайындықтарын көрсетіп, мінез, жігер және нағыз командалық рух танытты. Жас футболшылар алаңда ұйымшылдық пен табандылықтың үлгісін көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді.

Турнир жалғасуда. Алда «Ұлытау U16» командасын тағы бір маңызды кездесу күтіп тұр. Келесі қарсылас – «Қайсар» командасы. Командамыз бұл ойында да жақсы нәтиже көрсетуге ниетті.

Back to top button