Қоғам

Тұрғындарға салық саласындағы жаңа ережелер түсіндірілді

Жезқазған қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ғимаратында Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды. Шара барысында биылғы жылдан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен баяндалды.

Акция халықтың қаржылық және салықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Қатысушыларға салықтық міндеттемелерді дұрыс орындау тәртібі мен жеке және заңды тұлғаларға қатысты жаңа салық ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Іс-шара барысында тұрғындар мамандарға салыққа қатысты сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай ақпараттық акциялар салық саласындағы жаңашылдықтарды дер кезінде жеткізіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға жол ашпақ.

Back to top button