Спорт
Тренд

Ұлытау облысында спорт саласына жаңа басшы тағайындалды

Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт саласында кадрлық тағайындау орын алды. Тоқтыбаев Қуатбек Жұмабекұлы «Ұлытау облысының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Қуатбек Тоқтыбаев – спорт саласында көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман. Ол киокушинкай-кан каратэден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері.

Еңбек жолын 2005 жылы бастап, 2021 жылға дейін Сәтбаев қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде киокушинкай-кан каратэден жаттықтырушы қызметін атқарған. 2021–2023 жылдары осы мектепте оқу ісі жөніндегі басшы орынбасары болды.

2022 жылдан бастап «РКФ» қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облысы филиалын басқарып келеді. Ал 2023–2025 жылдары Ұлытау облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде киокушинкай-кан каратэден жаттықтырушы қызметін атқарды.

Әр жылдары спорт мекемелерінде басшылық қызметтерді абыроймен атқарып, өңірдегі дене шынықтыру және спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан білікті маман жаңа қызметінде де нәтижелі жұмыс атқарады деп күтілуде.

Back to top button