Ұлытау тынысы
Тренд

«Суретті түсірген Бекет Тубек» – 90 жылдық еске алу шарасы

Облыстық музейде белгілі фотосуретші, ұстаз, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бекет Ахметұлы Түбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Суретті түсірген Бекет Түбек» атты көрме және еске алу шарасы өтті.

Шара барысында Бекет ағамыздың өмір жолы мен шығармашылығына арналған көрме таныстырылып, деректі фильм көрсетілді. Замандастары, әріптестері, туған-туыстары естеліктерімен бөлісіп, оның ұстаздық, еңбегі мен фотосуретшілік мұрасын ерекше атап өтті.

Бекет Ахметұлы жарты ғасырға жуық уақытын білім саласына арнап, елдің тарихын фото арқылы хатқа түсірген тұлға. Оның түсірген суреттері – Жезқазған өңірінің шежіресі. Бекет ағамыздың жарқын бейнесі мен еңбегі ел жадында мәңгі сақталады.

Back to top button