
Ұлытау ауданының тумасы Нұршабаев Закир Бөкенұлы «Музейге сый» акциясына қатысып, әулет тарихына қатысты бірегей жәдігерлерді музей қорына тапсырды. Атап айтқанда, ол әкесі туралы жазылған «Ұлытаудың біртуар ұлы» кітабын, сондай-ақ атасы мен әкесіне қатысты тарихи деректер мен фотосуреттерді сыйға ұсынды.
Әбдікәрім Нұршабайұлы — Ұлытау өңірінде еңбек етіп, Қарсақпай мыс қорыту зауытының қосалқы шаруашылығын дамытуға үлес қосқан тұлға. Ал Нұршабаев Бөкен Әбдіғалиұлы — Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданның қоғамдық өмірінде белсенді қызмет атқарған.
Осындай құнды мұраларды музейге табыстау — өткенді ұлықтап, келер ұрпаққа аманат ету болып табылады.