
Облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қала тұрғындарына табиғи әрі сапалы өнімдер ұсынылды.
Жәрмеңкеге Ұлытау ауданына қарасты Мибұлақ, Борсенгір, Сарысу ауылдарының тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Сауда сөрелерінде ет өнімдерімен қатар құрт, май, қаймақ, ірімшік секілді сүт өнімдері қолжетімді бағамен сатылды.
Бұл шара тұрғындарға сапалы өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жәрмеңке ауыл еңбеккерлерінің еңбегін қолдауға және нарықтағы бағаны тұрақтандыруға оң ықпал етуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да мұндай жәрмеңкелер тұрақты түрде өткізіліп, жергілікті өнім өндірушілерге қолдау көрсетіле бермек.