
Іс-шара Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық тарихи-археологиялық музей мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен өтті.
Көрменің мақсаты – Отырар қаласының бай тарихи-мәдени мұрасын таныстыру.

Көрмеде археологиялық қазбалардан табылған 280 бірегей жәдігер ұсынылды.Бұл көрме келушілерге Отырардың тек археологиялық ескерткіш қана емес, сонымен қатар ғылым, білім және руханияттың ірі ордасы болғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Іс-шараға мәдениет саласының өкілдері, ғалымдар мен БАҚ қатысты.Іс-шара барысында көрменің тұжырымдамасы таныстырылып, арнайы бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ сала мамандарының пікірлері тыңдалды.