
Облыс орталығында «Құқықтық патруль» профилактикалық іс-шарасы өтті
Іс-шараның бастамашылары – өңір прокуратурасы, облыс әкімдігі және Полиция департаменті.
Шара аясында Жезқазған қаласындағы емхананың және облыстық көпсалалы аурухананың қызметкерлерімен, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерімен кездесулер өтті.
Ашық диалог форматында қатысушыларға алаяқтықтың ең көп таралған түрлері туралы ақпарат беріліп, қаскөйлермен байланыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жолдары түсіндірілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.