Спорт
Тренд

Балаңыз спортқа қатысқаны үшін 415 мың теңге бөлінеді

Балалар спортына жан басына қаржыландыру енгізіледі

Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) қаржыландыру жүйесін реформалауды бастады. Негізгі мақсат – қызмет сапасын арттыру, қолжетімділікті кеңейту және ашықтықты қамтамасыз ету.

2026 жылдан бастап әр спортшыға жеке қаражат бөлініп, ең төменгі шығын жылына 415 мың теңгеге дейін ұлғайды. Жаттықтырушылардың еңбекақысы біліктілік деңгейіне байланысты 30%-ға дейін өседі.

Саланы тиімді басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі. Жаңа жүйе барлық мемлекеттік БЖСМ-ді қамтып, жаттықтырушы беделін арттыруға, балалар спортын дамытуға және сапалы спорттық резерв қалыптастыруға бағытталған.

Back to top button