
Ұлытау облысы Полиция департаментінде Тергеу қызметінің 63 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл айтулы дата құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсібилігі мен жауапкершілігін айқындайтын маңызды мереке ретінде аталып өтті.
Іс-шара барысында департамент бастығы, полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев тергеу қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы заңдылықты сақтаудағы және қылмыстарды дер кезінде ашудағы рөлін ерекше атап өтті.

Салтанатты жиын аясында өз ісіне адал, кәсіби біліктілігі жоғары қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, бірқатар тергеушілер ведомстволық наградалармен марапатталды.