
Ұлытау ауданында 20 сәуірден бастап тұрғындар арасында «Заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыру» акциясы басталды. Бұл шара полицейлердің ұйымдастыруымен өткізіліп, азаматтарға заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді қауіпсіз түрде тапсыруға мүмкіндік береді.
Акцияға қатысушылар қарудың түрі мен техникалық жағдайына қарай сыйақы ала алады. Сонымен қатар, өз еркімен қаруды тапсырған адамдар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Бұл бастама қоғамдағы қауіпсіздікті арттыруға және заңсыз қаруды азайтуға бағытталған маңызды шара болып отыр.