Білім

Қазақстан жаһандық білім беру рейтингінде топ-20 қатарына енді

Қазақстан Insider Global Education Index рейтингінде 18-орынға тұрақтап, білім беру жүйесі тұрақты дамып келе жатқан елдер қатарына қосылды. Ел 0,092 балл жинап, Польша, БАӘ, Мексика, Бразилия және Оңтүстік Африка секілді мемлекеттерді артта қалдырды.

Рейтинг университеттердің QS Top 1000 тізіміндегі үлесі, олардың орташа позициясы және білім саласына бөлінетін мемлекеттік инвестиция көлемі негізінде жасалған. Бұл көрсеткіштер кадр даярлау сапасы мен ғылыми инфрақұрылымның деңгейін аңғартады.

Қазір Қазақстанның 10-нан астам университеті QS Top 1000 қатарына кіреді. Олардың арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Satbayev University бар. Сарапшылардың айтуынша, жоғары білім саласына салынған тұрақты инвестиция мен халықаралық ықпалдастық елдің жаһандық білім кеңістігіндегі орнын нығайтып келеді.

Back to top button