
Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде мектепке дейінгі білім беру саласына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиында балабақша жүйесін дамыту, бүлдіршіндерге арналған орын санын көбейту және білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарға енгізіліп жатқан ваучерлік жүйенің тиімділігі айтылып, оның ата-аналарға таңдау жасауға мүмкіндік беретіні түсіндірілді. Спикерлер цифрландыру жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанын жеткізді.