Ұлытау тынысы

Ұлытау облысында жаңа суару жүйесі іске қосылады

Ұлытау облысында жасыл желектерді тиімді суару мақсатында жаңа жүйе енгізілмек. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Жоба аясында жасыл аймақтарды суару үшін жер асты сулары пайдаланылатын болады. Қазіргі уақытта бірнеше ұңғыма бұрғыланып үлгерген. Биыл жоспарланған 25 ұңғыманың алтауы қазылып жатыр. Сонымен қатар, жүйені толық іске қосу үшін резервуарлар орнату, сорғыларды іске қосу және тамшылатып суару жүйесіне арналған коммуникациялар тарту жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны 128 миллион теңгені құрайды. Жоспар бойынша барлық жұмыстар мамыр айының ортасына дейін аяқталуы тиіс.

Айта кетейік, Жезқазған қаласындағы «Наурыз» паркінде де ұңғыма бұрғыланып, бұл мақсатқа 7 миллион теңге бөлінген. Мұнда парктің бір бөлігі қалалық суару желісі арқылы, ал екінші бөлігі жер асты сулары есебінен суарылады.

Back to top button