Басты жаңалықҰлытау тынысы

Ұлытаудағы IT-форум: Жастар және жасанды интеллект

Жезқазған қаласында өңірлік жастар форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен және «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының бастамасымен өтті.

«Цифрландыру және жасанды интеллект» тақырыбына арналған форумға облыстың әр аймағынан келген жастар қатысып, заманауи технологиялар мен болашақ мамандықтар туралы кең көлемде ақпарат алды.

Бағдарлама аясында өткен секциялық отырыстарда IT және жасанды интеллект салалары бойынша тәжірибелі мамандар дәріс оқыды. Сонымен қатар, ауыл жастары Алғыс хаттармен марапатталып, партия қатарына жаңадан қабылданған қатысушыларға арнайы билеттер мен төсбелгілер табысталды.

Спикерлер қатарында Мереке Батырбековна «Ауыл жастарының кешегі, бүгіні, ертеңі» тақырыбын қозғап, жастар саясатының өзектілігіне тоқталды. Мавлен Аймы Сәкенқызы жасанды интеллект арқылы контент жасаудың тиімді тәсілдерін түсіндірсе, Сәукенов Олжас Азаматұлы киберқауіпсіздік және кибергигиена мәселелерін кеңінен талқылады.

Интерактивті бөлімде Інжутас ханым қатысушылармен ойын форматында сергіту жаттығуларын өткізіп, форумның динамикасын арттырды. Ал Қаратаев Әлібек Тұрлыбекович жасанды интеллект саласындағы мүмкіндіктерге тоқталып, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңызын атап өтті.

Форумның арнайы қонағы, хедлайнер Мөлдір Әуелбекова жастармен ашық форматта әңгімелесіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара барысында түрлі интерактивті ойындар мен сұрақ-жауап сессиялары ұйымдастырылды. Форум жастардың кәсіби және жеке дамуына серпін беретін тиімді алаң ретінде өтті.

Back to top button