
Түркістан қаласында өткен жарыста Жезқазған спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, үлкен жетістікке қол жеткізді. Әсіресе С-2 200 метр қашықтығында МБЖОРМ тәрбиеленушілері барлық жүлделі орындарды иеленіп, нағыз сенсация жасады.
Бұл табыс – білікті жаттықтырушылардың тынымсыз еңбегі мен кәсіби дайындығының нәтижесі. Жас спортшылардың бойына жеңіске деген жігер мен тәртіпті сіңірген бапкерлер еңбегі ерекше атап өтуге лайық.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Каноэ (С-1 200 м):
1-орын – Лыжин Савелий
3-орын – Миллер Артур
Каноэ (С-2 200 м):
1-орын – Лыжин С., Миллер А.
2-орын – Тұрсын А., Юрченко
3-орын – Липрун И., Заозёров Е.
Байдаркамен есу жарыстарында да Жезқазған спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 17 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар К-1 және К-2 200 метр қашықтықтарында да бірінші орындар тіркелді.
Бұл жетістік – спортшылардың еңбегі мен бапкерлердің жүйелі дайындығының айқын дәлелі. Жезқазғандық спорт мектебі ел намысын абыроймен қорғап келеді.