Білім
Тренд

Университеттермен тең түскен ұлытаулық мектеп командасы

Enactus Ulytau Abai MMI командасы үздіктер қатарынан көрінді

Enactus Ulytau Abai MMI командасы кезекті жетістігімен қуантты. Аталған команда Best Administrative Support Award номинациясы бойынша үздік деп танылып, марапатқа ие болған үш команданың қатарына енді.

Атап айтқанда, бұл номинацияны барлығы үш команда иеленсе, оның екеуі – жоғары оқу орындарының командалары, ал үшіншісі – біздің мектеп командасы. Осылайша, Enactus Ulytau Abai MMI командасы университет командаларымен қатар өнер көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Бұл жетістік – команданың ұйымшылдығының, жауапкершілігінің және жүйелі жұмысының айқын дәлелі. Қатысушылардың табандылығы мен бірлескен еңбегі олардың үздіктер қатарынан көрінуіне мүмкіндік берді.

Алдағы уақытта да команда жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беретініне сенім мол.

Back to top button