
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиынында көктемгі дала жұмыстарының барысы мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған нысандардың қолжетімділігі талқыланды.

Өңір басшысы дала жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын атап өткенмен, жанар-жағармай, жұмыс күші және техника тапшылығы мәселелеріне байланысты жұмысты жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, науқанға тартылған жұмысшылардың әлеуметтік төлемдерін уақытылы төлеу қатаң бақылауға алынды.

Жиында шегірткелердің таралуы мен киіктердің жаппай көшуінен туындауы мүмкін қауіптердің алдын алу шаралары да қаралды. Бұдан бөлек, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру, оларды бейімдеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындау міндеттелді.
Қорытындысында облыс әкімі кейбір жұмыстарды қосымша қаржыны күтпей, қолда бар мүмкіндіктер есебінен жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.