Заң және тәртіп
Тренд

Балағат сөздің құны — 150 мың теңге

Тұрғын үйдің ортақ «WhatsApp» чатында орын алған жанжал сотқа дейін жетті. Талап қоюшы көршілер тарапынан өзіне және отбасы мүшелеріне қатысты балағат сөздер жазылғанын айтып, сотқа жүгінген.

Азаматтық іс қаралу барысында сот тараптарға дауды медиация тәртібімен шешудің тиімді тұстарын түсіндірді. Нәтижесінде екі тарап өзара келісімге келді.

Келісімге сәйкес, жауапкерлер талапты мойындап, талап қоюшыға 150 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттенді. Өз кезегінде талап қоюшы арызынан бас тартты.

Сот тараптардың медиативтік келісімін бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты. Сонымен қатар, талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Айта кетейік, сот ұйғарымы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Back to top button