
«Дүниежүзілік үстел теннисі күні» аясында алғаш рет ашық облыстық турнир ұйымдастырылмақ. Дүбірлі додаға 7 жастан 70 жасқа дейінгі үстел теннисін ойнайтын кез келген қатысушы қатыса алады.
Жарыс 2009-2012, 2013-2014, 2015 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар, сондай-ақ ерлер 18-43, 44+ және әйелдер 18+ санаттары бойынша өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар, мадақтамалар және арнайы медальдар табысталады. Балалар санатында І орынға — 50 мың теңге, ІІ орынға — 30 мың теңге, ІІІ орынға — 20 мың теңге беріледі. Ал ересектер арасында І орын иегерлері 70 мың теңге, ІІ орын — 50 мың теңге, ІІІ орын — 30 мың теңге көлемінде сыйақы алады.
Турнир 2026 жылдың 15-17 мамыр күндері аралығында өтеді. Жарыстың ашылуы мен басталуы 16 мамыр күні сағат 10:00-де болады.
Өтінімдер 15 мамырға дейін ulytautennis@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Мандаттық комиссия отырысы 15 мамыр күні сағат 18:00-де «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді.
Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 36.