Басты жаңалықҰлытау тынысы
Тренд

Ұлытау ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген аққулар бой көрсетті

Ұлытау ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғат жанашырлары сирек кездесетін сұңқылдақ аққуларды таспаға түсіріп алды. Бұл ерекше құстар еліміздің Қызыл кітабына енген.

Мамандардың айтуынша, сұңқылдақ аққулар аймаққа көктем мен күз айларында, яғни құс қайту кезеңінде ұшып келеді. Оларды негізінен жергілікті су айдындарынан кезіктіруге болады.

Әлеуметтік желіде ерекше кадрлармен бөліскен @qazaqormany парақшасының авторлары аққу құсының қазақ мәдениеті мен дүниетанымындағы орны ерекше екенін атап өтті. Халқымызда бұл бектігі мен сұлулығы келіскен құс — пәктіктің, тазалық пен адалдықтың символы ретінде дәріптеледі.

Back to top button