Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Есет Берікұлы Байкен 1986 жылғы 23 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданының Баршино ауылында дүниеге келген.
Орта арнаулы және жоғары білімі бар. Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Құқықтану және қаржы салалары бойынша бакалавр.
2008 жылғы желтоқсаннан бастап Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы болды.
2009 жылғы ақпаннан бастап Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2010 жылғы қазаннан бастап Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы болды.
2010 жылғы қарашадан бастап Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2010 жылғы қарашадан бастап Астана қаласы әкімі аппаратының Әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы болды.
2013 жылғы наурыздан бастап Астана қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды.
2013 жылғы тамыздан бастап Астана қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болды.
2016 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылығында сарапшы қызметін атқарды.
2017 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.
2019 жылғы ақпаннан бастап Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі қызметін атқарды.
2019 жылғы тамыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппаратының басшысы болды.
2020 жылғы қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды.
2022 жылғы ақпаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болды.
2022 жылғы қыркүйектен бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.