Жезқазғанда жылу маусымына дайындық басталды

Жезқазған қаласында 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді дайындау мәселелері талқыланды. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Аслан Арыновтың төрағалығымен штаб отырысы өтті.
Жиында тұрғын үй қорын алдағы қыс мезгіліне сапалы әрі уақытылы дайындау бағытындағы жұмыстар қаралды. Атап айтқанда, көпқабатты үйлердің ішкі инженерлік желілерін тексеру және жөндеу, жылу жүйелерін шаю мен қысыммен сынау, сондай-ақ дайындық паспорттарын белгіленген мерзімде алу мәселелері сөз болды.
Отырысқа Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері де қатысып, көпқабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Мамандар өрттің алдын алу, ортақ пайдаланылатын орындар мен инженерлік жүйелерде қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын уақытылы қабылдау қажеттігін айтты.
Жиын қорытындысында қала әкімінің орынбасары ПИК төрағаларына жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерінің дайындығын тұрақты бақылауда ұстап, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою қажеттігін атап өтті.