Заң және тәртіп

Жезқазғанда контрафактілік Apple өнімдері анықталды

Жезқазғанда Apple тауар белгісімен таңбаланған контрафактілік өнімдер анықталып, сауда айналымынан шығарылды.

Ұлытау облысының Әділет департаменті Apple тауар белгісінің Қазақстандағы ресми өкілінің өтініші негізінде Жезқазған қаласындағы екі сауда нүктесіне жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру барысында Apple белгісімен таңбаланған, контрафактілік өнім белгілері бар тауарлар анықталды.

Заң талаптарына сәйкес анықталған барлық өнім сауда айналымынан алынды. Кейін тәркіленген тауарлар арнайы полигонда жойылды.

Әділет департаменті кәсіпкерлерге зияткерлік меншік құқықтарын қорғау талаптарын сақтаудың маңызын еске салды. Сондай-ақ контрафактілік өнімдерді өндіру мен сатуға жол бермеу қажеттігін атап өтті.

Back to top button