Ұлытау тынысы
Республика күні қарсаңында Ұлытау ауданында бірқатар отбасы баспаналы болды

Республика күні қарсаңында Ұлытау ауданында жаңа баспаналардың кілттері табысталды. Салтанатты шарада облыс әкімі Есет Байкен ұстаздарға, медицина және полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ өзге де сала мамандарына үй кілттерін тапсырды.

Баспана иелерінің қатарында Қызылорда облысынан қоныс аудару бағдарламасы арқылы көшіп келген көпбалалы отбасы да бар.

Айта кетейік, 2026 жылы Ұлытау ауданына 10 отбасы, яғни 50-ден астам адам қоныс аударған. Бүгінде олар жұмыспен қамтылып, балалары жергілікті мектептерде білім алуда.

Жаңа қоныс иелерінің шаңырақтары шаттық пен берекеге толсын!